Атырауда қаламы қарымды журналист, өңір шежіресін хаттаған белгілі тұлға Қуандық Батырұлының 80 жылдық мерейтойына арналған «Баспасөздің сардары» атты салтанатты кеш өтті. Шара руханият бесігі саналатын баспасөздің қадір-қасиетін арттыру және ардагер журналистердің еңбегін ұлықтауға бағытталған.