«Тиімді оңалту лагері» аясында 10 азамат белсенді әрі тәуелсіз өмір сүруге қажетті маңызды дағдыларды меңгерді. Жоба мүмкіндігі шектеулі жандардың қоғамға бейімделуіне қолдау көрсетіп, олардың өзіне деген сенімін арттыруға бағытталған. Бағдарлама барысында қатысушылар арбамен еркін қозғалу техникасын үйреніп, жалпы дене шынықтыру, жүзу, аэробика және садақ ату секілді спорт түрлерімен айналысты. Сонымен қатар жеке гигиена, психологиялық қолдау және отбасы құндылықтары тақырыптарында арнайы дәрістер өткізілді.