Париж подиумдарын бағындырған он жасар дизайнер Макс Александрдың есімі бүгінді әлеуметтік желілерді шулатып жатыр. Бірақ, мұндай ғажайып тек мұхиттың арғы бетінде ғана емес, өзіміздің Атырауда да бар! Ол он екі жасында қолына ине мен жіпті сенімді ұстаған әуесқой тігінші - Сұлтан Исат.