Атырауда ауа температурасы 30 градустан жоғарылады. Күннің күрт ысуына байланысты дәрігерлер тамақтан улану жағдайларының жиілейтінін айтып, дабыл қағуда. Ыстықта ет пен сүт өнімдері, дайын салаттар мен көше тағамдары санаулы сағатта бұзылып, адам өміріне қауып тудыруы мүмкін. Санитарлық мамандар жазда тағамның сапасы мен оны сақтау ережелеріне барынша сақ болуды ескертеді.