Атырауда жұмысшы мамандықтарының беделін арттыруға бағытталған WorldSkills Organization Atyrau-2026 аймақтық чемпионаты өз мәресіне жетті. 18-22 мамыр аралығында өткен кәсіби байқаудың салтанатты жабылу рәсімі ұйымдастырылып, жеңімпаздар анықталды. 5 күнге созылған сайыс барысында өңірдің жас мамандары IT, техникалық қызмет көрсету және шығармашылық бағыттар бойынша өз шеберліктерін көрсетті. Қатысушылар заманауи еңбек нарығы талаптарына сай практикалық тапсырмаларды орындап, кәсіби дағдыларын дәлелдеді.