Мәдениет және өнер қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай «Мәдениет маржандары» атты мерекелік концерт ұйымдастырылды. Салтанатты іс-шараға облыс әкімінің орынбасары, мәдениет саласының ардагерлері мен қызметкерлері, өнерпаздар және қала тұрғындары қатысты. Кеш барысында өңір өнерпаздары, филармония әртістері, жас композиторлар мен аудандық мәдениет ұжымдары өз өнерлерін ортаға салды. Ал концерттің арнайы қонағы ретінде эстрада жұлдызы ALEM өнер көрсетті.