Жүректің кенет тоқтауы, ауыр жол-көлік апаты немесе шұғыл босану жағдайларында жедел жәрдем дәрігерлерінің қателесуге уақыты жоқ. Мұндай сәтте әрбір секунд шешуші рөл атқарады. Дәл осындай ең қиын әрі қауіпті шақыртуларға әрқашан дайын болу мақсатында Атырауда шұғыл қызмет мамандары арасында кәсіби байқау ұйымдастырылды.