Шаһар көшелерінде бақылау күшейді. 17-25 мамыр аралығында өңірде өтіп жатқан «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасына қосымша полиция күштері тартылып, тәртіп сақшылары тәулік бойы жолдағы қауіпсіздікті қадалауға кірісті. Бұл жолы тек жергілікті полиция емес, үш облыстан келген қызметкерлер де жұмылдырылған. Негізгі мақсат - адам өміріне қауіп төндіретін өрескел құқықбұзушылықтардың алдын алу. Әсіресе, мас күйінде көлік басқару, жылдамдықты шамадан тыс асыру, қарсы жолаққа шығу, қауіпті маневр жасау мен қиылыстан өту ережесін бұзу деректеріне ерекше назар аударылады. Мамандардың айтуынша, ауыр жол апаттарының басым бөлігі дәл осындай жауапсыз әрекеттердің салдарынан болады. Бір сәттік асығыстық немесе тәртіпке бағынбау салдары адам тағдырын орасан қауіп төндіруі мүмкін. Сондықтан рейд кезінде тексеру күшейтіліп, күмән тудырған көліктер тоқтатылып, жүргізушілердің құжаттары мұқият қаралатын болады.