Салық, есептілік, кеден мәселелері және электронды мемлекеттік қызметтер. Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде "Қызмет алушылар күні" өтті. Шара барысында тұрғындар мен кәсіпкерлер сала мамандарынан тегін кеңес алып, өздерін толғандырған сұрақтарға жауап алды. Сонымен қатар қатысушыларға салық заңнамасындағы өзгерістер, декларация тапсыру тәртібі және электронды сервистерді пайдалану жолдары түсіндірілді.