Бүгін еліміздің барлық мектептерінде соңғы қоңырау соғылып, оқу жылы ресми түрде аяқталды.Облыста да мыңдаған түлек алтын ұясымен қоштасып, үлкен өмірге жолдама алды. Биыл өңір бойынша 8 мыңнан астам оқушы мектеп бітіруде. Мектеп аулаларында өткен салтанатты жиындарда ұстаздарға алғыс айтылып, түлектерге ақ жол тілегін білдірді.