«Сұлтан Бейбарыс» алаңында ұлттық өнер мен қолөнердің құндылығын дәріптеген «ШеберFEST-2026» халықаралық фестивалі өтті. Ауқымды шараға Қазақстан, Ресей, Қырғызстан және Өзбекстаннан келген жүзден астам қолөнерші қатысып, өз туындыларын көпшілік назарына ұсынды. Маңызды мәдени шараға Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов арнайы қатысып, көрмені аралады. Аймақ басшысы отандық және шетелдік шеберлердің жұмыстарымен танысып, олардың еңбегіне жоғары баға берді.