Облыста шамамен 8 мыңға жуық ерекше қажеттіліктері бар бала тұрады. Мамандардың айтуынша, мұндай балалар үшін қоғаммен еркін араласу, шығармашылық қабілетін дамыту және жылы қарым-қатынасқа ие болу - үлкен маңызға ие. Осыған орай аймақта ерекше қажеттілігі бар балаларға арналған инклюзивті фестиваль ұйымдастырылды.