Өнертапқыш жастар Қазақстанды тануға, бейбітшілік пен татулықты насихаттауға бағытталған тың цифрлық жобаларын таныстырды. Әр команда интеллектуалды ойын ойлап тапты. Қатысушылар өз жобалары арқылы этнос өкілдері арасындағы достық және бірлік идеяларын жаңа технологиялар көмегімен жеткізуге тырысты. Олардың қатарында колледж студенттері де, оқытушылары да бар.