Өңірде алғаш рет мектеп оқушылары арасында "UNISON Үндестігі" облыстық хор байқауы өтті. Таланттарды анықтау және қолдау орталығы ұйымдастырған өнер додасына аудан мен қала мектептерінің 1-6 сынып оқушылары қатысты. Хор сайысының басты мақсаты - жас таланттарды анықтап, шығармашылық қабілеттерін шыңдау.