Облыстардағы ауруханаларға соңғы жылдары заманауи медициналық құрылғылар көптеп әкелінген. Қазір ірі емдеу мекемелерінде МРТ, компьютерлік томография және басқа да жаңа диагностикалық аппараттар бар. Бірақ мәселе - осы техниканы дұрыс қолдана алатын мамандардың жетіспеуінде. Сол себепті қымбат құрылғылар толық жұмыс істемейді, нәтижесінде тексерілуге келетін адамдардың қарасы әлі де көп.