Исатай Тайманов атындағы орта мектеп қабырғасында «Жаңа мектеп» жобасы аясында «Жас толқын» әлеуметтік шаштаразы іске қосылды. Жоба оқушыларды ерте кәсіпке баулу, кәсіби бағдарын қалыптастыру және әлеуметтік осал топтағы балаларға қолдау көрсетуге бағытталған. Мұнда жоғары сыныпта білім алушылар мектеп оқушыларының шашын тегін қияды.