Облыстық перинаталдық орталықта нәрестелерге жоспарлы профилактикалық екпе салу жұмыстары жүргізілуде. Балаларға туберкулез және В вирустық гепатитіне қарсы екпе егілді. Ерте вакцинациялау олардың денсаулығына қажетті иммундық қалқан қалыптастыруға бағытталған. Дәрігерлердің айтуынша, сәби дүниеге келгеннен кейінгі алғашқы күндер – иммунитетті күшейту үшін аса маңызды кезең. Себебі дәл осы уақытта ағза қауіпті инфекцияларға әлсіз келеді.