Баланың бойына ұлттық құндылықтарды бесіктен сіңіру - бүгінгі тәрбиенің басты бағыты. Осы мақсатта атыраулық педагогтар «Ұлттық құндылық – ұлт тәрбиесінің көзі» атты семинарда бас қосып, өзара тәжірибе алмасты. Кездесу барысында тәрбиешілер мен әдіскерлер мектеп жасына дейінгі балаларға ұлттық құндылықтарды сіңірудің тиімді әдіс-тәсілдерін талқылады.