Өңірде Қазақстанның Халық әртісі Қаршыға Ахмедияровтың 80 жылдығына арналған іс-шаралар жалғасып жатыр. Солардың бірі бүгін ұйымдастырылған «Қаршыға қалықтаған күй аспаны» атты тағылымды кеш. Кездесуге күйші-композитордың жақындары мен шәкірттері, студенттер жиналды.