Атырау облысы полиция департаментінде ашық есік күні ұйымдастырылды. Танымдық шараға облыс аумағындағы мектептерден 300-ден астам оқушы қатысты. Іс-шараның мақсаты - жас буынға құқық қорғау саласының жұмысын таныстыру, полиция қызметінің қыр-сырын көрсету және болашақ мамандық таңдауда бағыт-бағдар беру.