Жаз шыға салысымен "Жасыл елге" асығатын жасөпірімдер көп. Бағдарлама биыл да бастауын алды. Мұнда 14 жасқа толған кез-келген бала қаланың көркеюіне үлесін қоса алады. Осылайша, «Жасыл ел» жастар еңбек жасағының 21-ші еңбек маусымы салтанатты түрде ашылды. Жиынға аудандық жастар ресурстық орталығының басшылары, жобаның өңірлер бойынша координаторлары мен қатысушылары және жастар ұйымдары қатысты.