Күн жылынғалы балалардың терезеден құлауы жиілеп кетті. Мамандар көбіне балалар терезедегі торға сүйеніп, ауыр салмақпен сыртқа құлайтынын айтады. Бұл көрсеткіштің алдын алу мақсатында ТЖД-нің қызметкерлері көпбалалы, әлеуметтік осал топтағы отбасыларға арнайы бекіткіштер орнатауды қолға алған.