Атырауда тұрғындарға бір мезгілде бірнеше мәселе бойынша тегін құқықтық көмек көрсетуге бағытталған «Халықтық заңгер» акциясы өтті. Шара барысында алимент өндіру, шоттарды бұғаттаудан шығару, еңбек даулары мен құжаттандыру мәселелері қаралды. Акция нәтижесінде азаматтар мемлекеттік мекемелерде кезек күтпей-ақ, қажетті кеңестерді тікелей сауда орталығында алды.