Атырау мен Оралды жалғайтын республикалық маңызы бар тасжолда көптен күткен жөндеу жұмыстары басталды. Жүргізушілер жылдар бойы өңірдегі ең күрделі бағыттардың бірі деп атап келген жолдың тозығы жеткен бөліктері кезең-кезеңімен жаңартылмақ. Қазір Батыс Қазақстан облысы аумағындағы жұмыстар қарқынды. Ал өңірдегі жол учаскелері келесі аптадан бастап жаңартылмақ.