Каспий теңізі жылдан-жылға тарылып барады. Соңғы жылдары су деңгейі айтарлықтай төмендеген. Кезінде су толып жатқан аумақтар бүгінде құм мен сортаң жерге айналып отыр. Теңіздің тарылуы "Ақжайық" табиғи резерватында да байқалады. Мамандар теңіз деңгейінің төмендеуі табиғатқа ғана емес, өңірдегі жануарлар дүниесі мен экотуризмге де әсер етіп жатқанын айтып дабыл қағуда.