Театрсүйер қауымға тағы бір жаңа туынды жол тартты. Махамбет атындағы Атырау облыстық академиялық қазақ драма театры сахнасында жазушы-драматург Тынышбай Нұрмағанбетовтің «Бес бойдаққа бір той» комедиясының премьерасы өтті. Күлкі мен шынайы өмір астасқан қойылымда отбасылық қарым-қатынас, күнделікті тіршіліктегі түйткілдер көрініс тапты. Сахнадағы оқиға желісі көрерменді бірде күлдірсе, бірде терең ойға жетелейді.