Неліктен жасөспірімдер бүгінде буллингке, интернеттегі манипуляцияларға және құқықбұзушылықтарға жиі тап болады? Ал ата-аналар не себепті көбіне баласының мәселесін кеш байқайды? Бұл сұрақтар өңірде өткен "ZERSAL" диалог алаңында талқыланды. Кездесуді Атырау облыстық білім беру басқармасы ұйымдастырды.