Қажеттілікті ескермей, ретсіз ашылған жекеменшік мектептер білім беру сапасына күмән тудырып отыр. Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары Аида Балаева мәлімдеген еді. 2025 жылғы ресми деректерге сәйкес, елде 800-ден астам жекеменшік мектеп жұмыс істейді. Жыл сайын оларды қаржыландыруға қомақты қаражат бөлінеді.Енді бұл жүйеге өзгеріс енгізіліп, қаржы бөлуге белгілі бір шектеулер қойылды.