Атырауда «Atyrau Oil & Gas 2026» және «Atyrau Build 2026» халықаралық көрмелері ашылды. Іс-шараның басты серіктестерінің бірі - Теңізшевройл компаниясы. Компания өкілдері «Каспий аймағы индустриялық хаб ретінде: мұнай-газ жобалары, инфрақұрылым және мұнай-химия интеграциясы» тақырыбындағы пленарлық сессияға қатысып, саланың стратегиялық даму бағыттарын талқылады.