Облыста балық ресурстарын сақтау, заңсыз аулаудың жолын кесу және браконьерліктің алдын алу бағытындағы жұмыстар жалғасып жатыр. Жыл басынан бері балық қорғау заңнамасын бұзудың 500-ден астам дерегі анықталған. Бұл көрсеткіш Жайық-Каспий бассейнінің су айдындарында жүргізілген рейдтік шаралардың нәтижесі.