Осыдан 30 жыл бұрын 7 сәуір тәжік-ауған шекарасында қазақстандық 17 жауынгер ерлікпен қаза тапты. Шабуыл жасаған содырларға қарсы тұрып, қазақ батальонының намысын қорғаған ерлердің есімі ел есінде. Бүгін 5545 әскери бөлімінде ардагерлер мен бөлімнің жеке құрамы мерт болған сарбаздарды еске алды.