Елімізде маусымның əр үшінші жексенбісі – медицина қызметкерлерінің күні. Осыған орай, Атырауда «Дәрігердің дара жолы» атты кеш өтті. Бұл күні денсаулық сақтау саласына саналы ғұмырын арнаған ардагерлерге ғана емес, бірнеше буын бойы ақ халат киіп, халыққа қызмет етіп келе жатқан дәрігерлер әулетіне құрмет көрсетті.