Әз Наурыз Солтүстік Қазақстан облысында кең көлемде аталып өтуде. Мәселен, Есіл ауданы тұрғындары ұлық мерекені ерекше сән-салтанатпен қарсы алды. Шара барысында жұртшылық ұлттық тағамдардан дәм татып, қазақтың дәстүрлі ойындарын ойнап, алтыбақан тепті. Сонымен қатар, заманауи технологиялар да назардан тыс қалмады — мерекеде жасанды интеллект саласы таныстырылып, арнайы IT киіз үй тігілді. Толығырақ сол өңірдегі әріптесім баяндайды.