Қазақ тарихында мергендер көп болған. Бұрын жаудан қорғану және аң аулау үшін қолданылған садақ ату өнері қазір заманауи спорт түрлерінің біріне айналды. Осыған орай, бүгін спорт күніне арналған дәстүрлі садақ атудан шеберлік-сағаты өтті. Іс-шара облыстық тарихи-өлкетану музейінде ұйымдастырылып, оған әртүрлі жас санатындағы қатысушылар қатысты.