Наурыз мейрамы қарсаңында өңірде бірқатар шара ұйымдастырылуда. Солардың бірі «Атырау-Ақпарат» медиахолдингінде өткен «Ұлыс бірлігі – ұжым берекесі» атты салтанатты жиын. Жыл сайынғы игі дәстүрге айналған тағылымды басқосу биыл медиахолдингтің жаңа ғимаратында атап өтіліп, мерекенің мәні мен сәнін арттыра түсті.