Өңір халқы әз Наурыз мерекесін кең ауқымда атап өтті. Мерекеге 20 мыңға тарта тұрғын жиналған. Орталық алаңда мерекелік концерт өтіп, ұлттық спорт ойындары дәріптелді. Киіз үйлер тігіліп, наурыз көже құйылды. Ұлыстың ұлы күні Исатай – Махамбет алаңында 30 киіз үй тігілген. Орталық алаңдағы той думаннан әріптесім Лаура Рүстемқызы баяндайды.