Атыраулық спортшы Інжу Жұмажан халықаралық кадеттер арасындағы дзюдо турнирінде Түркияның Анталья қаласында алтын медаль жеңіп алды. Жарысқа 21 елден 550-ден астам спортшы қатысқан. Жерлесіміз турнирдің барлық кездесулерінен сенімді түрде өтіп, оқ бойы оза шықты.