Өңірде Наурыз мерекесіне орай түрлі іс-шаралар ұйымдастырылып, мекемелер кең көлемде атап өтуде. Солардың қатарында теміржолшыларда бар. Салтанатты шараға мекеме қызметкерлері мен сала ардагерлері қатысып, Ұлыстың ұлы күнін бірге қарсы алды. Ұжым мерекеге ерекше дайындалған. Іс-шараны көріп келген әріптесім Ақтоты Өркешбаева толығырақ айтып берсін.