Халел Досмұхамедұлы атындағы Атырау университетінде Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесі кең ауқымда, ерекше мазмұнда аталып өтті. Мерекелік шара 1000-нан астам адамды қамтыды, профессор оқытушылар құрамы мен студенттер ұлттық құндылықтар мен салт-дәстүрлер кеңінен насихаттап шараның көркін кіргізді. Мерекенің басты ерекшелігі «Көже Fest» фестивалі болды. Бұл сайыста факультеттер өзара бақ сынап, наурыз көженің үздік үлгісін ұсынуға тырысты. Ұлттық тағамның маңызын дәріптеген бұл шара мерекелік көңіл-күйді еселеп, қатысушыларға ерекше әсер сыйлады.