Еркінқаладағы «Нұрлы тал» этно паркінде де көктемдегі төл мейрам тойланды. Ата дәстүрді ұлықтаған жиында ұлттық тағамдар ұсынылып, концерттік бағдарлама мен ойындар ұйымдастырылды. Жиын тұрғындардың бірлігін арттырып, мәдени дәстүр аясында бір арнаға тоғыстырды.