Өңірде 11 – сынып оқушысы роботтандырылған кран құрастырды. Жас өнертапқыштың жобасы бір ғана құрылғы арқылы түрлі жұмыстарды орындау мүмкіндігін қамтамасыз етеді. Яғни, кранның қондырмаларын ауыстыру арқылы бірнеше техниканың қызметін бір құрылғы атқара алады. Бұл өз кезегінде артық шығынды азайтуға мүмкіндік бермек.