Көктем шуағымен бірге табиғат қайта түлеп, айнала жасыл желекке бөлене бастады. Бұл, әрине, көңілге қуаныш сыйлайтын көрініс. Дегенмен, дәл осы шақта тазалық мәселесі өзекті бола түседі. Бүгінде өңірде қоқысты заңсыз төгу деректері көбейіп отыр. Мәселен, былтыр 40-қа жуық заңсыз қоқыс орны анықталған. Осыған байланысты қазіргі уақытта рейдтік жұмыстар жүргізілуде. Толығырақ Ақтоты Өркешбаева айтып берсін.