Шаһардағы медицина колледжінде де Әз-Наурыз мерекесі кең көлемде тойланды. Ұлық мейрам аясында ұйымдастырылған шара болашақ медицина мамандарын ұлттық дәстүр мен рухани құндылықтар төңірегінде біріктірді. Көктемнің жаңаруын айшықтайтын бұл мерекеге 500-ден астам студент қатысып, ұлттық ойындар ойнап, ән мен күйден шашу шашты.