«Digital Education: Цифрлық білім және жас инноваторлар» көрмесі облыстағы өнертапқыш жасөспірімдердің басын қосты. Абай орталығында өткен шараға оқушылар мен колледж студенттері қатысып, өзлерінің жүзден астам жобасын ұсынды. Оның басым бөлігі жасанды интеллект пен роботехникаға негізделген.