Атырауда қатерлі ісік ауруларынан болатын өлім-жітім азайған. Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Қайсар Абдалиев баспасөз брифингінде хабарлады. Басқарма деректері бойынша өңірде бірқатар көрсеткіштер бойынша оң динамика байқалады.