Қаладағы Исатай және Махамбет алаңында Қазақстан халқының бірлігін ардақтаған «Ынтымағымыз жарасқан!» атты мерекелік концерт өтті. Шараның өтуіне өңірдегі этно-мәдени бірлестік өкілдері мен шағармашылық ұжымдар ұйытқы болды. Іс-шараға барлығы 18 ұлттың өкілдері қатысып, 100-ден астам адам өнер көрсетті.