19 наурыз – Жаңару күні. Бұл дата тек көктемнің келуімен байланысты табиғаттың жаңғыруын ғана емес, сонымен қатар адам мен қоғамның жаңаруын білдіретін ерекше мереке. Сондай-ақ бұл күн -өткенге есеп беріп, болашаққа жаңа жоспар құрып, тың бастамаларға жол ашатын маңызды кезең.