«Наурызнама» онкүндігі аясында «Ұлттық киім күні» ел бойынша кең көлемде атап өтілуде.

Осы ретте Орал қаласында да мазмұнды мәдени шара өтті. "Жайық арена" спорт кешенінде ұйымдастырылған «Ұлт рухы: Тарих пен өрнек» атты кеште көрерменге қазақ тарихынан сыр шертетін хореографиялық композициялар мен Батыс Қазақстан және Ақтөбе облыстары дизайнерлерінің этностильдегі сән топтамалары ұсынылды.

Ұлттық нақыш пен заманауи үрдісті үйлестірген бұл шара туралы толығырақ әріптестеріміздің сюжетінде.