Атыраулық 10 жанұя «Берекелі шаңырақ» фестивалінде бас қосып, өнерлерін ортаға салды. Кеш барысында жергілікті өнерпаздар ән айтып, мың бұрала би биледі. Жиналған көрермендер де ерекше күйге бөленді. Әрбір отбасының өнерге деген сүйіспеншілігі мен бірлігі сахнада айқын көрініс тапты. Толығырақ фестивальге арнайы қатысып келген әріптесім Лаура Кисметованың сюжетінде.