5 мыңға жуық атыраулық ұлттық киіммен шеруге шықты. Сұлтан Бейбарыс алаңында көрісуден басталған шеру Исатай-Махамбет алаңына дейін жалғасты. Мұнда көк туды ұстап шыққан азаматтар көш бастады. Сондай-ақ, жергілікті өнерпаздар ән шырқап, мерекелік атмосфера кеңінен сезілді.